×

Астанада пошта сәлемдемелерінен есірткі табылды

Қылмысты ашуға иісшіл иттер көмектескен

Астанада пошта сәлемдемелерінен есірткі табылды
Сурет: nash-krai.ru

Астанада пошта сәлемдемелерінен 4 рет есірткі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Полиция басқармасы мәлімдеп отыр.

“Поштада жіберілетін сәлемдемелерді иісшіл итпен тексеру кезінде 4 рет есірткі табылды. Мысалы, Алматыдан келген 4,9 келі мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ, Батыс Аустралиядан жеткізілген үрлемелі матраста 914 гр марихуана жасырылған. Осы іске қатысты 4 адам ұсталды. Бұдан бөлек, Таиландтан келген сәлемдемеде 998,43 гр кептірілген марихуана анықталды. Иран азаматының пәтерінен тінту кезінде Ұлыбританиядан пошта арқылы жіберілген 151,20 гр кептірілген марихуана тәркіленді”, – делінген полиция хабарламасында.

Осы істерге қатысты 6 есірткі таратушы ұсталып, оның ішінде 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалғандарына қатысты тергеу әлі жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев
Кеше, 09:09

Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша
Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді
Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →