×

Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30% қирауы мүмкін - ТЖМ

Оның айтуынша, ен қауіпсіз аудан - Түркісіб

Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30% қирауы мүмкін - ТЖМ
total.kz

Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің 30% қирауы мүмкін. Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай болжам айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАпаратқа сілтеме жасап.

«Алматыда жер сілкінсе, қаланың 60-70 пайызы қирайтыны туралы пікірлермен келісесіз бе?», - деп сұрады журналист.

Вице-министр ресми болжам ондай емес екенін айтты.

«Иә, мен Алматының республикамыздағы ең бір сейсмикалық қауіпті өңірлердің бірі екені туралы пікрілермен келісемін. Қала 27 қауіпті техногендік плитаның қосындысында орналасқан. Бұл негізінен қаланың таулы аудандары. Өзгелеріне қарағанда барынша қауіпсіз аудан – Түркісіб ауданы. Қалған Медеу, Бостандық аудандары, басқалары да плиталардың қосындысында орналасқан. Бұл орындарда қауіп айтарлықтай жоғары. Жер сілкінісі бола қалса, қаланың 60-70 пайызы қирандыға айналады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжау деректері бойынша, 9 және одан да жоғары апаттық зілзала болған жағдайда тұрғын ғимараттары 30% дейін қирауы мүмкін. Осыдан-ақ қандай шығын келетінін есептеуге болады», - деді Ибрагим Күлшімбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Бүгін, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →