×

«ҚазМұнайГаз» компаниясы Ресейдің Болгариядағы «Лукойл» зауытын сатып алмақшы

Мұнай өңдеу зауыты Болгарияның Бургас қаласында орналасқан

«ҚазМұнайГаз» компаниясы Ресейдің Болгариядағы «Лукойл» зауытын сатып алмақшы
bloomberg.com

Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының Болгариядағы мұнай өңдеу зауытын сатып алмақ екен. Бұл туралы Bloomberg дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Qaz365.kz.

Bloomberg-тің хабарына қарағанда, «ҚазМұнайГаз» сатып алғысы келіп отырған Litasco SA зауыты Болгарияның Бургас қаласында орналасқан. Оның басты акционері – «Лукойл» компаниясы. Болгариядағы «Лукойл Нефтохим Бургас» зауытының бағасы 1 млрд доллар шамасында болуы мүмкін. Шарт бойынша, бұл ақша Ресейге кетпеуі керек. Оларға зауытты сатып алу туралы бірнеше компаниядан ұсыныс түскен. Оның ішінде қазақстандық кәсіпорын да бар.

 «ҚазМұнайГаз» сатып алған жағдайда қаржыландыру тәуелсіз халықаралық мұнай трейдері Vitol Group арқылы өтеді. Болгария үкіметі «ҚазМұнайГазға» қолдау білдірген жағдайда қазақстандық компания мұнайды тиімді шарттармен және уақытылы жеткізіп тұруға уәде береді. Яғни, ресейлік компанияларға санкция салынса да, болгарлық зауыт шикізаттан тапшылық көрмейді.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Еуроодақ Қазақстанға қатысты санкцияларды талқылауды кейінге қалдырды
Бүгін, 14:43

Еуроодақ Қазақстанға қатысты санкцияларды талқылауды кейінге қалдырды

Еуроодақ Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін қарауды белгісіз мерзімге шегерді
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге төлеу үшін пайдалануды алып тастауды ұсынып отыр
Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →