×

Алматыда алғаш рет қар еріту пункті іске қосылды

Пункттің қуаты — тәулігіне 1200 текше метрге дейін қарды ерітеді

Алматыда алғаш рет қар еріту пункті іске қосылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда экологиялық таза еріту технологиясы және қарды тиімді кәдеге жарату әдісі бойынша Алматыда алғаш рет қар еріту пункті ашылып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеп отыр.

“Қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Қысыммен жылы су сорғы қондырғылары мен құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін пайда болған еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады, содан кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі. Пункттің қуаты — тәулігіне 1200 текше метрге дейін қарды ерітеді,” – делінген әкімдік хабарламасында.

Мұндай шешім қарды қаладан тыс жерлерге шығаруға кететін уақыт пен ресурстарды едәуір азайтуға, сондай-ақ экологияға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік бермек..

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азаматтары Арменияға төлқұжатсыз бара алады: Тоқаев заңға қол қойды
Бүгін, 17:38

Қазақстан азаматтары Арменияға төлқұжатсыз бара алады: Тоқаев заңға қол қойды

Қазақстан азаматтарына енді Арменияға бару үшін жеке куәлік көрсету жеткілікті
Қазір Газада 55 миллион тоннадан астам құрылыс қалдығы жиналып қалған
Бұл – Қазақстан мен Ресей басшыларының алдағы сапар жөнінде үшінші рет пікір алмасуы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →