×

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының қызметкері жұмыстан қуылды

Ол ішкі аудит қызметінің басшысы қызметін атқарған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының қызметкері жұмыстан қуылды
Сурет: Бейнеден кадр

БҚО-да 2 адамды мас күйде көлік жүргізіп келе жатып қағып кеткен шенеунік жұмыстан қуылды, деп  хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл турал БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы Ербол Найзабековке қатаң сөгіс жарияланып, жұмысынан босатылды. Қызметкердің мас күйде көлік жүргізгені дәлелденді. Әкімшілік іс қозғалып, сот сараптамасы тағайындалды”, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Еске салайық, облыс әкімі аппаратының қызметкері Ербол Найзабеков мас күйінде рөлге отырып, бағдаршамда тұрған үш көлікті соққан. Салдарынан таксиде болған 18 жастағы студент зардап шегіп, ауыр жарақат алған. Бастапқы диагнозы - миы шайқалған, жұлын контузиясы, омыртқа жарақаты. Қазір қыз балаға толық диагнозы қойылып, емделуі үшін Астанадан портал кезегін күтіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды
Бүгін, 10:33

1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды

Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген
А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі
6 айға созылатын көрмеге 28 миллион қонақты қабылдау жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →