×

Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық ұсталды

Ол алаяқтық жолмен мобильді телефондар мен аксессуарлар сатқан

 

Халықаралық іздеуде жүрген  24 жастағы қазақстандық ұсталды
Сурет: Caravan.kz

Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Новосібірде ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

“Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосібір қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген. Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефон мен аксессуарды өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған”, – делінген министрлік хабарламасында.

Ол жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам қаржат жымқырып кеткен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
БҰҰ: Газа секторын қалпына келтіру ондаған жылға созылуы мүмкін
Бүгін, 10:42

БҰҰ: Газа секторын қалпына келтіру ондаған жылға созылуы мүмкін

Қазір Газада 55 миллион тоннадан астам құрылыс қалдығы жиналып қалған
Бұл – Қазақстан мен Ресей басшыларының алдағы сапар жөнінде үшінші рет пікір алмасуы
Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, бұл кәсіпкерліктің күйреуі емес
Бензин бірден бес теңгеге қымбаттады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →