×

"Сатып алсам да иесі емеспін": Ақтөбелік 14 млн теңгеге алданып қалған

Ол алып сатардан 3 бөлмелі пәтер сатып алған

"Сатып алсам да иесі емеспін": Ақтөбелік 14 млн теңгеге алданып қалған
Сурет: depositphotos.com

Ақтөбелік 14 млн теңгеге пәтер сатып алса да, оның иесі бола алмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақтөбе қаласының соты мәлімдеп отыр.

“Төрт жыл бұрын ер адам сатушымен Батыс-2 шағынауданында үш бөлмелі пәтер сатып алуға алдын ала шарт жасасқан. 2020 жылғы 7 сәуірде ол келісім шарттары бойынша жылжымайтын мүлік иесіне 5 735 000 теңге төлеген. Қалған соманы оның анасына аударады. Сотта жауапкер нақты соманы 14 000 000 теңге көлемінде төлегенін растады. Сот АІЖК – нің 225-бабының екінші бөлігінің тәртібімен істі талапкер мәлімдеген талаптар шегінде шешеді, сондықтан талап қою негіздерін назарға ала отырып, жауапкерден 13 370 900 теңге мөлшерінде соманы өндіріп алу заңды және негізді деп санайды", –  делінген қалалық соттың баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Сот шешімі әлі заңды күшіні енбеген. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →