×

Атырауда 4 пансионат балаларға тыйым салынған діни әдебиеттерді оқытып келген

Қайырымдылық мекемесінің атын жамылған пансионаттарға 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған

Атырауда 4 пансионат балаларға тыйым салынған діни әдебиеттерді оқытып келген
Сурет: polisia.kz

Атырауда тыйым салынған діни әдебиеттерді оқытқаны үшін 4 пансионат таратылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Атырау қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

“Атырау қаласының прокуратурасықайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылуын тоқтатты. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған. Осыған байланысты қайырымдылық ұйымы кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан басқа, тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағыттарда оқытып, пансионат ретінде қызметтерін атқарған”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылып, барлық пансионат таратылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →