Балықтар ауа жетпей қырылып жатқан болуы мүмкін
Атырауда Бақсай каналында балық қырылып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі балық қырылу фактісін растап, мәлімдеме жасады.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, канал бетінде қайраңдап қалған балықтар ауа жетпей қырылып жатқанға ұқсайды.
"Қазіргі уақытта оқиға орнында Атырау облыстық Табиғи ресурстар басқармасы мен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандары жұмыс істеуде. Құтқару шаралары туралы қосымша хабарланатын болады", – деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі Руслан Жұмағазиев.
Бұған дейін былтырғы тасқыннан соң, Атырау облысы бойынша қайраңдап қалған 8 миллионға жуық шабақ құтқарылған екен.