×

Екі елордалық шетелдіктерге заңсыз құжат жасап беріп отырған

Олар әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған

Екі елордалық шетелдіктерге заңсыз құжат жасап беріп отырған
Сурет: Мемлекеттік кірістер қызметінің баспасөз қызметі

Шетелдіктерге заңсыз құжаттар жасап берген екі елордалық сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Полиция департаменті мәлімдеп отыр.

“Олар Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдікке заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған. Біреуі неке куәлігін, медициналық анықтаманы және басқа да құжаттарды қолдан жасап, екіншісі оған клиенттер тауып беріп отырған. Әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған.Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген полиция хабарламасында.

Екеуінен жалпы сомасы екеуінен 107 мың доллар, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль тәркіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды
Кеше, 10:33

1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды

Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген
А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі
6 айға созылатын көрмеге 28 миллион қонақты қабылдау жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →