×

Риддерде әйел өзінің кәмелетке толмаған баласымен бірге есірткі таратқан

Жеке тексеру барысында полиция 80 орама есірткі тәркілеген

Риддерде әйел өзінің кәмелетке толмаған баласымен бірге есірткі таратқан
Сурет: Бейнеден кадр

Риддерде 35 жастағы әйел  кәмелетке толмаған баласымен бірге есірткі тарату күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпаратты жергілікті Полиция департаменті анықтаған.

“35 жастағы басқа облыстың тұрғыны былтыр желтоқсанда қалаға кәмелетке толмаған баласымен келіп, алдын ала ойластырылған схема бойынша есірткі таратқан. «Кураторлар» есірткілерді жасырын орындарға қалдырып, таратып отырған. Жасырын орындар көбінесе қоғамдық орындарда, кейде қаладағы адамдар аз жүретін жерлерде орналасқан. Жеке тексеру барысында полиция 80 ораманы тәркіледі, олардың ішінде ұнтақ тәріздес заттар болған. Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат синтетикалық есірткі болып шықты. Күдікті ИВС-ке қамауға алынды, ал кәмелетке толмаған бала жасөспірімдерге арналған бейімдеу орталығына жіберілді”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша толыққанды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей азаматы 5 баласымен Қазақстанға келіп есірткі өсірген
Бүгін, 10:02

Ресей азаматы 5 баласымен Қазақстанға келіп есірткі өсірген

Күдікті Telegram арқылы марихуана тұқымын тапсырыс беріп, поштамен алдырып отырған
Оған   қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Компанияны ол 2015 жылы мемлекеттен 9 миллиард теңгеге жекешелендірген болатын
Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →