×

Маңғыстау облысында әкімге 393 мың теңге айыппұл салынды

Ол бәсекелестікті шектей отырып мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен шарттар жасасқан

Маңғыстау облысында әкімге 393 мың теңге айыппұл салынды
Сурет: opennews.kz

Маңғыстау облысында әкімге 393 мың теңге немесе 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәлімдеп отыр.

“Түпқараған ауданы Таушық ауылының әкімі тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимылдың белгілерін анықтады. Ауыл әкімінің аппараты бәсекелестік ортадағы көшелерді жарықтандыру қызметтері бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алу конкурстарын негізсіз өткізу арқылы бәсекелестікті шектейтін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен шарттар жасасқаны белгілі болды. Осыған байланысты ведомствоға монополияға қарсы орган сұратқан ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау фактісі бойынша Таушық басшысына қатысты 100 АЕК немесе 393 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.

Департамент ауыл әкімдігіне қатысты хабарлама түрінде монополияға қарсы ден қою актісін енгізіп, ол толық көлемде орындалған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Бүгін, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →