×

Әлеуметтік педагогтардың жалақысы төмен – сенатор

Оларға аттестациядан өту мүмкіндігі қарастырылмаған

Әлеуметтік педагогтардың жалақысы төмен – сенатор
Фото: ашық дереккөзден

Сенатор Бибігүл Аққожина әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтар аттестациядан өтпейтіндіктен жалақысы төмен деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін психологтар, дефектологтар, логопедтер мен тәрбиешілер мектептердегі әріптестеріне қарағанда төмен жалақы алады. Олар мүгедек балалармен жұмыс істесе де назардан тыс қалып отыр. Себебі, оларға басқа мұғалімдер немесе әлеуметтік қызметкерлер сияқты аттестациядан өту мүмкіндігі қаралмаған. Бұл ақыр соңында жалақының төмен қалпында қалуына әсер етеді.

Соның нәтижесінде жұмысқа деген ынта-ықылас төмендей түсуде және кадрлардың жоғары ақы төленетін білім беру саласына ауысуы көбейіп барады. Бұл дербес көзқарас пен өзгеше назар аударуды қажет ететін ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін қызмет сапасына тікелей әсер етеді, деп атап өтті Бибігүл Аққожина.

«Әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі педагогтарға аттестация жүйесінің болмауы кәсіби өсуге ынталандыруды жоюмен қатар, ерекше назар аударуды қажет ететін балалармен жұмыс сапасына да қауіп төндіреді. Аттестаттауды енгізу мамандардың біліктілігін объективті бағалауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде олардың жалақысының өсуіне және еңбек жағдайының жақсаруына әсер етеді. Мұндай аттестаттаудың қажеттілігі, әсіресе, жалақының айырмашылығына келгенде аса маңызды болып табылады. Мысалы, білім беру мекемелерінде педагог-психолог 247 мың теңге алады, ал әлеуметтік қорғау мекемесіндегі әріптесінің жалақысы 187 мың теңгені құрайды. Еңбекақы төлеудегі мұндай алшақтық кәсіби ынта-ықыластың төмендеуіне ықпал етеді және мамандардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін шектейді», - деп атап өтті сенатор.

Депутат әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтарға аттестаттау жүйесін енгізуге мүмкіндік беру үшін ережелерді өзгертуді ұсынып отыр. Ол әлеуметтік қорғау мамандарын аттестациялау олардың кәсіби ынта-ықыласын арттырып қана қоймай, ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін білім беру және әлеуметтік қызметтер сапасын жақсартады деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазіргі уақытта әлеуетті вендорлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр
Бұл шара ҚМДБ -ның құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылмақ
Жаңа кәсіби мерекелер техникалық-кәсіптік жеті сала бойынша енгізіліп отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →