×

Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының таныстырылымы өтті

Байқау жеңімпазы өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отырады

Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының таныстырылымы өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында Mecenat.kz әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Сексен жылдық тарихты, үш буын ұрпақтың өмірін қамтитын "Күлпет" романы Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі дәуірін басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Роман туған жерге деген махаббат пен шынайы патриотизм, қазақ әйелінің адалдығы, ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтар арқылы бүкіләлемдік сұрақтарға жауап іздейді.⠀

Салтанатты шараға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Смағұл Елубай, Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Досхан Жолжақсынов "Күлпет" романы кітаптың тұсаукесер рәсімін жасап, роман жайлы өз пікірлерімен бөлісті.⠀

«Шархан тек шымыр дүниелер жазып келеді. «Күлпет» романы сол деңгейден  төмендемеген. Адамзаттың алдында тұрған сұрақтарға жауап іздеген ол – бақытты жазушы», – деп бағалады Қазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ.

«Шарханның жазуы тым ерекше, стилі сүйкімді, көпке ұқсамайтын ой тастауы мен детальдарды тереңінен талдай алуы дәйім тамсандырады. «Күлпет» – соның дәлелі», – деген пікірін білдірді мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВ.

Сонымен қатар шығармашылық кездесуге Mecenat.kz әдеби байқауының құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков, Kitapfest кітап фестивалін ұйымдастырушы Бекнұр Қисықов, "Азияның Шығармашылық Богемиясы" бірлестігінің жетекшілері Гүлнара Жандыбаева мен Алма Нутушова және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.   

Айта кетейік, ел патриоттары мен руханият жанашырларының азаматтық жобасы саналатын Mecenat.kz әдеби байқауында топ жарған әдеби романның авторы өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отыратын болады.

- Біздің Mecenat.kz әдеби байқауының мақсаты – қазақстандық көркем әдебиетті және оны оқуға деген ынтаны дамыту, ел ішінде жүрген біртуар талантты, дарынды жазушыны табу, қазақстандық жазушылардың деңгейін көтеру және оларды әлемдік кітап нарығына шығару. Байқауымыздың алғашқы жеңімпазы - жазушы-публицист Шархан Қазығұл не жазса да, ешкімге ұқсамайды. Өзіндік стилі қалыптасқан қаламгер. Тілі шұрайлы. Ең бастысы, ол әбден жауыр болған тақырыптар мен жылтыр сөздерді қолданудан қашып отырады. Автордың бұл қасиеті «Күлпет» романында жарқырай көрінген.

Mecenat.kz әдеби байқауының алғашқы кезеңі өте сәтті өтті. Оған мына статистикалық мәліметтерді дәлел ретінде келтірсек те болады. Байқауға тіркелген автор саны – 137. Сайтқа 62 мың адам кірсе, оның 6756-сы дауыс берген. Сайтқа жүктелген 67 романның ішінде 21-і халықтық дауыс беруге өтті, – деді байқау құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Отандастар» қорының қолдауымен өткізілетін байқаудың ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір үздік роман үшін жыл сайын берілетін әдеби сыйлықтың екінші кезеңі басталды. Осы уақыттан бастап шетелдегі қандастарымыздан да, және орыс тіліндегі қолжазбалар тек Қазақстан азаматтарынан қабылданады. Барлық талаптар www.mecenat.kz сайтында.   

 

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →