×

Мұхтар Тайжан Жер комиссиясы кезінде лоббилік қызметі үшін кәсіпкерлерден ақша алғанын айтты – видео

Ол бұл ақшадан салық төлемеген

Мұхтар Тайжан Жер комиссиясы кезінде лоббилік қызметі үшін кәсіпкерлерден ақша алғанын айтты – видео
azattyq-ruhy.kz

Мұхтар Тайжан 2016 жылы Жер комиссиясы кезінде лоббилік қызметі үшін кәсіпкерлерден ақша алған. Ол бұл туралы журналист Ерболат Мұхамеджанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұхтар Тайжан бұл ақшаны бірнеше кәсіпкерден алған, оның ішінде Марғұлан Сейсембай да бар. Алайда ол бұл адамдардың есімдерін атаудан бас тартты және оған міндетті емес екенін айтты.

"Алдым, өйткені бұл менің қоғамдық жұмысыма кедергі немесе қайшы емес, бұл —менің жеке шаруам. Бұл келісімшарт басқаларына мүддесіне қайшы болмаса, бұл — біздің бәріміздің құқымыз. Басқаларды алдамаса, басқалардың мүддесін таптамаса, әр азамат басқа азаматтармен келісімшартқа отыра алады. Мен 13 жыл бизнесте жүрген адаммын, сондықтан мен халықты сатпадым, халықтың мүддесін таптамадым", – деді Мұхтар Тайжан.

Ол бұл ақшадан – 200 мың доллардан салық төлемеген. Мұхтар Тайжан жеке және заңды тұлға арасында келісімшарт жасалса, онда салықты кейінгісі төлейтінін айтты.

Мұхтар Тайжан – саясаткер, қоғам белсендісі, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер. Қазір ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына Алматының №5 округінен өзін-өзі ұсынған үміткер.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Бүгін, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →