×

Өткен жылы Қазақстанда өндірісте 200-ден аса адам қаза тапқан

Сонымен қатар, өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шеккен

Өткен жылы Қазақстанда өндірісте 200-ден аса адам қаза тапқан
Сурет: gov.kz

2024 жылы Қазақстанда өндірісте жұмыс істеп жүріп, 202 адам қаза тапқан, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мәлімдеді.

“2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шегіп, оның 202-і қаза болған. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда  4,5%-ға төмендеді.2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,20 құрады, – делінген комитет ақпаратында.

Жазатайым оқиғаларға әкелген негізгі себептер:

???? жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру (35,5%),

???? жәбірленушінің өзінен дөрекі абайсыздық (31%),

???? автожол қозғалысы ережелерін бұзу (8,2%),

???? еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,6%), 

????Зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 18,3% және құрылыс саласында – 10,1% байқалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті
Кеше, 10:56

Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті

Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →