×

Ақтаудан Бакуге алғашқы мұнай танкері жіберілді

Бұл бағытта мұнай тасымалдау жылына 2,2 млн тоннаға дейін көзделген

Ақтаудан Бакуге алғашқы мұнай танкері жіберілді
Сурет: ҚазМұнайГаз

Қазақстандық "Taraz" танкері Қашаған мұнайымен Ақтау портынан Бакуге жолға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Жеткізу "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобының Мемлекет басшысының отандық көмірсутектер экспортының баламалы бағыттарын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Ары қарай мұнай Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) құбыр жүйесі арқылы Жерорта теңізіне дейін тасымалданады. Бұл қадам Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға ықпал етеді. 2022 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы арасында қазақстандық мұнай транзиті туралы Бас келісімге қол қойылған болатын. 2024 жылғы наурызда ҚМГ мен SOCAR арасында Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы мұнай транзитін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім жасалды. Құжатта жеткізу көлемінің жылына 2,2 млн тоннаға дейін артуы көзделген”, – делінген ҚМГ хабарламасында.

Мұнай өнімін экспорттаушы – "ҚМГ Қашаған Б.В" компаниясы."ҚМГ Қашаған Б.В." – Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімдегі (ӨБК) қазақстандық қатысу үлесін басқаратын "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ еншілес ұйымы. Келісімдегі компанияның үлесі 16,88% құрайды.   

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →