×

Қызылордалық 86 құмыра қарасора өсіріп келген

Күдікті ретінде Қызылорда облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталған

Қызылордалық 86 құмыра қарасора өсіріп келген
Сурет: Polisia.kz

Қызылорда облысында полиция есірткі өсіретін фитозертхананың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі мәлімдеп отыр.

“ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адамды ұстады. Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген. Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді. Жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 10 кг қарасора өсімдігі анықталды.  Күдікті ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды”, – делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алтын безгегі: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірген қылмыстық топ анықталды
Кеше, 09:36

Алтын безгегі: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірген қылмыстық топ анықталды

Олардың заңға қайшы әрекеттеріненкелтірілген залал 400 миллион теңгеден асқан
Әлемдік тәжірибеде АЭС-тің құрылысы мен іске қосылуы орта есеппен 10–12 жылға созылады
Оның жалған мекемесінен келген залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →