×

Польша аумағында тұрып қалған қазақстандық 400-дей жүк көлігі Литва арқылы өтеді

ЕО-дан басқа елдердің жүк көліктері үшін жолды жапқан

Польша аумағында тұрып қалған қазақстандық 400-дей жүк көлігі Литва арқылы өтеді
azattyq-ruhy.kz

21 ақпаннан бері Польша Еуропалық Одақтан басқа барлық елдердің тасымалдаушылары үшін жүк көліктерінің өтуіне тыйым салды. Соған байланысты Польша аумағында 400-ге жуық қазақстандық көлік тұрып қалған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Министрлік жүк тасымалдаушылардың өтуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстандық тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп, біздің жүк тасымалдаушылардың өзекті тізімін жасады. Сондай-ақ Варшава және Вильнюстегі Қазақстан елшіліктерімен бірлесіп, Польша және Литваның көлік саласындағы уәкілетті органдарымен қазақстандық көліктің шығуына рұқсат беру туралы келіссөздер жүргізілді», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің хабарламасында.

Енді қазір Литва Көлік және коммуникация министрлігімен автомобиль тасымалы бойынша аралас комиссияның отырысы өтіп, соның нәтижесінде Польшадағы қазақстандық жүк көліктерінің Литва аумағы арқылы өтуі туралы мәселе келісіліп отыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Бүгін, 13:19

Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →