×

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген түрік азаматы ұсталды

33 жастағы күдіктіге Сербия мен Түркия елдерінде халықаралық іздеу жарияланған

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген түрік азаматы ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген түрік азаматы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

“ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Алматы халықаралық әуежайында полицейлер 33 жастағы Сербия мен Түркия азаматын ұстады. Ер адам Түркия Республикасының құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген. Анықталғандай, 2021 жылы күдікті басқа адамдармен бірге Ыстамбұлға теңіз арқылы "кокаин" есірткі затын жеткізуді ұйымдастырған. Қаскөйдің ұсталуы екі елдің құқық қорғау органдарының тығыз халықаралық ынтымақтастығының нәтижесін көрсетті”, – делінген полиция ақпаратында.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, аталған елдердің құзырлы органдарымен байланыс орнатылуда.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →