×

Дүниеге бірге келіп, бірге кетті: жер сілкінісінен қаза тапқан егіздердің оқиғасы

Егіздердің ата-анасы сол күні болған оқиғаны айтып берді

Дүниеге бірге келіп, бірге кетті: жер сілкінісінен қаза тапқан егіздердің оқиғасы
marasgundem.com

Фермер Фикрет Өмердің 17 жастағы егіз ұлы 7.7 балдық жер сілкінісі кезінде үш қабатты үйіндінің астында қалып, қаза тапты. Егіздердің ата-анасы сол күні болған оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Show Ana Haber-ге сілтеме жасап.

“Жер сілкінісі қанша секундқа созылғанын білмеймін. 5 секундтан соң үйінді астында қалдық. Жер сілкінісі тоқтаған соң, жан-жағымды түгендей бастадым. Кімнің аман қалғанын білгім келді. Алиджан дедім, жауап болмады. Емреджан дедім, “Әке, мен мұндамын, бірақ ауа жетпей жатыр” деді ол. Әйелім Алиджанның қайтыс болғанын білген соң жылай бастады. “Сабыр ет, Алиджан өлді, тым болмаса, Емреджанның көңілін түсіретін сөз айтпа” дедім. Емреджан да ұзаққа шыдамады. “Әке, ана, ақыңызды адал етіңіз. Мен өліп барамын” деді. Біз ақымызды адал еттік. Артынан ұлым кәлима шәһадатты айтты. Екеуі де бааламада (түрік аспабы) ойнайтын еді. Екеуі де ұшқыш болғысы келетін. Қалай бұл дүниеге бірге келсе, солай бірге өмірден озды”, – деді егіздердің ата-анасы.

Кейінгі мәліметтер бойынша Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адьяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазыг қалаларында болған жер сілкінісінің салдарынан барлығы 44 374 адам қаза тапты.  

Тағы да оқыңыз: 115 миллиард доллар: Ресей Украинамен соғыста шығынға батты

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →