×

Қос азаматтығы бар 91 адам ұсталды. Олар қай елдің азаматтары

Қос азаматтықтығы барларға 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, елден шығарылып жіберіледі

Қос азаматтығы бар 91 адам ұсталды. Олар қай елдің азаматтары
Сурет: ernur.kz

Жыл басынан бері елімізде 91 қос азаматтығы бар адам анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіасіздік комитеті мәлімдеп отыр.

 “2025 жылдың басынан ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 91 фактісін анықтады. Ұсталғандар ісі қарау үшін полиция органдарына берілді. Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі болды. ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады. Бұдан өзге, қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз болып табылады”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кету керек, 2024 жылы Мемлекеттік шекарада 1190 қос азаматтық фактісі анықталған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтаудан Махачкалаға дейін: Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынай бастайды
Кеше, 10:30

Ақтаудан Махачкалаға дейін: Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынай бастайды

Ақтаудан шыққан лайнер бес елдің портына тоқтап Ресейге дейін барады
Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.
Ол үшін  жарамдылық мерзімі аяқталғанына 10 күннен аспаса жеткілікті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →