×

Әлеуметтік желілердегі ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға айыппұл салынады

Өткен жылы заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырған 101 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, 43 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген

Әлеуметтік желілердегі ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға айыппұл салынады
Сурет: shutterstock.com

Әлеуметтік желілердегі ұтыстардың барлығы да заңсыз, ұйымдастырушыларға аса ауыр жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2024 жылғы қызметі мен 2025 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген Алқа мәжілісінде айтылды.

«2024 жылы Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 7 букмекерлік кеңсеге, 3 ойын автоматтары залына және 1 казиноға, лотерея операторына тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 1 букмекер лицензиядан айырылды, 4 букмекерге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 101 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, 43 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Заңсыз лотереяны ұйымдастырудың 40 фактісі бойынша материалдар жинақталуда. Комитет құрылғанға дейін заңсыз лотереялармен ешкім айналыспағанын атап өту керек. Елімізде лотереяны «Сәтті жұлдыз» компаниясы ғана ұйымдастыруға құқылы. Әлеуметтік желілердегі ұтыстардың барлығы да заңсыз. Ұтыс ойынын ұйымдастырушыларға аса ауыр жауапкершілік бар екенін ескертеміз», – деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаевтың баяндамасында.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →