×

Ет, сірне, наурыз көже, бауырсақ: Сарбаздар мен әскери қызметшілердің ас мәзіріне ұлттық тағам қосылады

Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақ тамақтану академиясымен алдын ала келісілген

Ет, сірне, наурыз көже, бауырсақ:  Сарбаздар мен әскери қызметшілердің ас мәзіріне ұлттық тағам қосылады
Сурет: ҚР Ұлттық ұлан

Енді Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздары ұлттық тағам жейтін болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының тыл бөлімі мәлімдеп отыр.

“Жаңа мәзірге ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да ұлттық тағам түрлері енгізіледі. Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақ тамақтану академиясымен алдын ала келісілген.Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу - бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам», –  деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.

Калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді, дейді сарапшылар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды
Бүгін, 12:22

Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды

Саудаға шығарылған үйдің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгеден басталады
Соңғы үш айда  Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілген
Олар «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген
Оның пәтерінен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →