×

Шымкентте зират маңынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Қаңтар оқиғасынан бері 772 қару жасырылған орын табылған

Шымкентте зират маңынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Сурет: ҰҚК

Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 2960 табельдік және азаматтық қару ұрланған болатын. Биыл қаңтарда сол кезде ұрланған қару-жарақтың бір бөлігі Шымкент қаласы маңындағы зиратқа жасырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ мәлімдеді.

"Соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту және рейдтердің нәтижесінде 8 мыңға жуық атыс және травматикалық қару, 831 граната және түрлі калибрлі 112 мыңнан астам оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Сондай-ақ қару жасырылған 722 орын табылды. Бүгінгі таңда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1226 қарудың шығу тегі нақты айқындалды. Қалған тәркіленген 6765 қарудың қылмыскерлер тіркеу нөмірлерін қасақана жойып, өшіріп тастағанына байланысты қазіргі уақытта олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Биыл қаңтар айында Шымкент қаласының шетінде зират маңынан қару жасырылған орын табылып, 4 тегіс ұңғылы мылтық пен түрлі оқ-дәрілер тәркіленді. Олардың ішінде Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар да бар. Қостанай облысында бұрын сотталған жергілікті тұрғынның жертөлесінен 3 Калашников автоматы табылып, тәркіленді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. - ІІМ және ҰҚК бұл жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →