×

2026 жылы Қазақстанда әуе таксиі қызметі қосылмақ

Такси қызметіне 5 адамға дейін жолаушы сиятын тікұшақ пайдаланылмақ

2026 жылы Қазақстанда әуе таксиі қызметі қосылмақ
Сурет: 10wallpaper.com

Қазақстанда 2026 жылы жолаушыларды әуе арқылы тасымалдайтын такси қызметі іске қосылғалы жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев  мәлімдеді.

“Қазір мобильді жолаушы тасымалы дейтін жоба талқыланып жатыр. Былтыр жыл аяғында Қазақстанның үкіметтік делегациясы Оңтүстік Кореяға барған. Сол кезде аталған мәселеге назар аударған болатынбыз. Әуежайдан Алатау қаласына дейін жолаушыларды тасымалдауға аэромобильдер пайдалану көзделіп отыр. Бұл өзі шу шығармайтын, сутегі тұтынатын, 5 адамға дейін жолаушы сиятын тікұшақ деуге болады. Қазір бұл бағытта Оңтүстік Корея мен АҚШ компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық компаниялардың бірі осындай жобаны іске асыруға қызығушылық танытты.Бірінші сатысында Алматыдан Алатау қаласына дейін сынап көреміз. Бұл 2026 жылға қарай пилоттық негізде іске қосылуы мүмкін деп болжап отырмыз”, –  деді Марат Қарабаев.

 

Жоба әлі мамандар мен сарапшылардың қатысуымен толықтай зерттелу үстінде. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Бүгін, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →