×

Ақылы жолдарда айлық және жылдық абонемент енгізілді

Айлық және жылдық абонемент барлық санаттағы көлік құралдары үшін қарастырылған

Ақылы жолдарда айлық және жылдық абонемент енгізілді
Сурет: kapital.kz

Қазақстанда ақылы жолдарда айлық және жылдық абонемент енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ҚазАвтоЖол» еліміздегі ақылы жолдарда айлық және жылдық абонемент енгізді. Абонементті 1403 байланыс орталығы, Кaztoll.kz сайты, ақы төлеу пункттері және клиентпен жұмыс істеу орталығы арқылы рәсімдеуге болады”, – делінген “ҚазАвтоЖол” хабарламасында.

Бір айлық абонемент:

  • жеңіл көліктерге қарастырылмаған,
  • 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін болатын жүк автомобильдері үшін 7 864 теңге,
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері 15 728 теңге ,
  • Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 31 456 теңге,
  • Ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 39 320 теңге төлейді.

Ал бір жылдық абонемент үшін:

  • жеңіл көлік жүргізушілері 3 932 теңге төлеуі тиіс,
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 78 640 теңге,
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері 235 920 теңге,
  • Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 314 560 теңге,
  • Ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 393 200 теңге төлейді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
700 мың теңгеге дейін: шілдеде еңбек биржасында ең көп жалақы кімдерге ұсынылды
Бүгін, 09:58

700 мың теңгеге дейін: шілдеде еңбек биржасында ең көп жалақы кімдерге ұсынылды

Жалақысы көп жұмыстар кімдерге ұсынылғанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады
Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды
Қорғаныс министрлігі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →