×

"Алматыда да бола ма деп қорқамыз”: қала тұрғындары жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

Алматыда соңғы рет 1911 жылы қаладан 40 шақырым жерде 8,2 балдық магнитудамен жойқын жер сілкінісі тіркелген болатын

"Алматыда да бола ма деп қорқамыз”: қала тұрғындары жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді
коллаж Qaz365.kz

6 ақпанда Түркияда жер сілкінісі басталды. Оның салдарынан 1,6 миллион адам баспанасыз қалды. 
Алайда жер сілкіністері Түркиямен ғана шектелмей, домино эффектісімен басқа елдерде де жалғасты: 
– 6 ақпанда қазақстандық сейсмологтар еліміздің оңтүстігінде болған жер сілкінісін тіркеді. Олардың мәліметінше, Шымкентте 2-3 балдық, Таразда 2 балдық діріл сезілген. 
– Сондай-ақ 10 ақпанда Алматыдан 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі болды. 
– 14 ақпанда Алматыдан 71 шақырым жерде тағы да жер сілкінісі тіркелді. 
– 23 ақпан күні таңертең Тәжікстанда да күші 7,0 балдық жер сілкінісі болып, дүмпуі Алматыда да сезілді. Ол күндіз 5,0 магнитудамен қайталанды. 
–  25 ақпанда Камчаткада 6,1 балдық жер сілкінісі болды. 
Сондықтан жер сілкінісінің Алматыға жетуі ғажап емес. 1911 жылы қаладан 40 шақырым жерде 8,2 балдық магнитудамен жойқын жер сілкінісі тіркелген болатын. Деструктивті тербеліс фазасының ұзаққа созылуы, шамамен бес минутқа созылды, сондай-ақ күшті афтершоктардың пайда болуы (негізгі дүмпулерден кейін болатын және онымен салыстырғанда кішірек дүмпулер) сияқты жер сілкінісінің сипатты белгілері байқалды. Ол Кемин жер сілкінісі деп аталды және бұл Орталық Азиядағы ең күшті жер сілкінісі болып саналады. Ол кезде Алматыда 776 үй қирап, 35 адам қаза тауып, 168-і жарақат алған еді. 
Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматыны республикамыздың жер сілкінісі қаупі бар аймақтарының бірі деп атады. 

«Амплитудасы 9 балл және одан жоғары болатын жойқын жер сілкінісі кезінде тұрғын үйлердің 30%-ға дейін қирауы мүмкін», - деді Ибрагим Күлшімбаев 23 ақпанда өткен брифингте. 

Оның айтуынша, қаладағы ең қауіпсіз аймақ – Түрксіб ауданы, ал Медеу және Бостандық аудандары тектоникалық тақталардағы жарықтарда орналасқандықтан, ол жерде қауіп басым. 
Сондықтан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі катаклизмалар (жер сілкінісі, өрт және су тасқыны) кезінде аман қалу үшін «дабыл чемоданын» дайындап қоюға кеңес береді. «Дабыл чемоданы» апат орнынан эвакуациялау сәтіне дейін шыдай тұруға көмектеседі. 
Qaz365.kz редакциясы алматылықтардың өздерінен ресми деректерге қаншалықты сенетінін және болуы мүмкін апатқа қаншалықты дайын екенін сұрап көрді.  
Билікке сенбейтін адамдар көп, өйткені тұрғын үй салудағы жемқорлық белең алып тұр. Бұл айдан анық нәрсе. 60 жылдық тәжірибесі бар сәулетші Алмас Ордабаев «Азаттық» радиосына берген сұхбатында 1950 жылдардың соңына дейін салынған үйлердің барлығы да, 1990 жылдары салынған ғимараттар да ерекше алаңдаушылық туғызатынын айтты. 
Мәселен, Түркияда бірде-бір ғимаратқа зақым келмеген қала бар – оның әкімі заң бұзушылықпен құрылыс салуға рұқсат бермеген. Алмас Ордабаев 1970-1980 жылдардағы ғимараттарды ең төзімді деп атады. Оның айтуынша, толық сенімді болу үшін, жобалаудан бастап бақылауды күшейтіп, қатаң тәртіп орнату керек.
Тұрғындардың пікірін толық көру үшін төмендегі бейнені қараңыз:

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Бүгін, 13:19

Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →