×

Қазақстан мен Қытай күш біріктіреді: тұрақты болашақ үшін жаңа жасанды интеллект зертханасы

Бұл жоба Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы маңызды қадам болмақ

Қазақстан мен Қытай күш біріктіреді: тұрақты болашақ үшін жаңа жасанды интеллект зертханасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында жариялаған тапсырмаларын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қытай ғылым академиясының (СAS, Қытай) академиктерімен бірлесіп, Чжэцзян технологиялық университеті (ZJUT), сондай-ақ ҚХР-дың жоғары технологиялық компаниялар тобымен бірге Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылып, Чжэцзян технологиялық университетімен қол қойылған меморандум аясында «Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму жөніндегі халықаралық бірлескен зертхана» (бұдан әрі – Зертхана) құруда.

Бұл жоба Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және озық технологияларды дамыту бағытындағы маңызды қадам болмақ.

Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер, соның ішінде климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды басқару, табиғи апаттар және экономиканың цифрландырылуы, жасанды интеллект (ЖИ) пен кеңістіктік-уақыттық деректерді талдауға негізделген инновациялық тәсілдерді талап етеді. Зертхана жасанды интеллект, қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және болжамды модельдеу саласындағы озық технологияларды біріктіретін алдыңғы қатарлы зерттеулер орталығына айналады.

Зертхананың негізгі зерттеу бағыттары: 

  • Жасанды интеллект (ЖИ) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларын қолдану арқылы су ресурстарын мониторингтеу және басқару;
  • Су тасқындары, көшкіндер мен қар көшкіндері сияқты табиғи апаттар туралы ерте ескерту жүйелерін әзірлеу;
  • Қоршаған орта өзгерістерін болжауға мүмкіндік беретін кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау үшін жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану;
  • Энергетикалық ресурстарды интеллектуалды энергия тарату жүйелері арқылы оңтайландыру;
  • Ауыл шаруашылығын цифрландыру және «ақылды егіншілік» технологияларын енгізу.

 Қазақстан үшін перспективалар мен артықшылықтар

 Зертхананың құрылуы Қазақстанға мынадай мүмкіндіктер береді:

  • Ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелер саласында алдыңғы қатарға шығу.
  • Халықаралық ғылыми жетістіктерді ұлттық тұрақты даму жүйесіне интеграциялау.
  • Жасанды интеллект (ЖИ) және цифрлық технологиялар саласында отандық мамандарды даярлау деңгейін арттыру.
  • Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
  • Табиғи апаттарға төзімділікті арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізу.

Жоба логистика және көлік, энергетика және энергия үнемдеу, табиғи апаттарды мониторингтеу және ерте ескерту, ауыл шаруашылығын талдау және шешім қабылдау салаларындағы интеллектуалды жүйелер бойынша озық технологиялар мен білімді трансферлеуге арналған платформа құрады. Сондай-ақ, бұл Қазақстанға кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау және тұрақты даму саласында өңірлік көшбасшы болуға мүмкіндік береді.

Жобаның халықаралық деңгейдегі маңыздылығы   

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы жанынан Қазақстан-Қытай ғылым және технология трансфері орталығының құрылуы 2025 жылы Қазақстанда өтетін «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитіндегі маңызды оқиға болмақ. Бұл қадам Қазақстан мен Қытай арасындағы өңірлік ғылыми-техникалық инновацияларды дамытуға үлес қосып, өңірдің жаңа өнеркәсіп салаларындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей азаматы 5 баласымен Қазақстанға келіп есірткі өсірген
Бүгін, 10:02

Ресей азаматы 5 баласымен Қазақстанға келіп есірткі өсірген

Күдікті Telegram арқылы марихуана тұқымын тапсырыс беріп, поштамен алдырып отырған
Оған   қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Компанияны ол 2015 жылы мемлекеттен 9 миллиард теңгеге жекешелендірген болатын
Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →