×

Атырауда сәбиге хижама жасаған жеке емхана жабылатын болды

Бұл туралы Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты

Атырауда сәбиге хижама жасаған жеке емхана жабылатын болды
instagram.com/dinatansari

Бұл туралы Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осыдан бір ай бұрын хижама жасайтын емханалардың бәрі тексерілетінін, жалпы хижама жасауға шектеу қоямыз деген. Оның бұлай деуіне Атырауда жеке емханалардың бірінде жас сәбиге хижаса жасағандардың видеосы себеп болған еді. Аталған видео ел ішінде едәуір талқыланған-тын.

Бір ай бұрын айтқан сөзіне министрдің есіне салған журналистердің сұрағына Ажар Ғиният былай жауап берді.

«Атыраудағы орталық тексеріліп, ол жердегі санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылу факттілері анықталды. Соған байланысты қазір ол орталықты жабу рәсімін жүргізіп жатырмыз», - деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, аталған орталықты Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті тексеріліп, көптеген заңбұзушылықтарды анықтаған.

«Бүгінгі таңда бұл ем медициналық рұқсат етілген ем-дом тізіміне жатпайды. Заң жүзінде осы емге рұқсат ету керек пе, әлде оған шектеу қою керек пе деген сұрақ бойынша қазіргі таңда дәстүрлі медицина өкілдерімен бірге министрлікте жұмыс тобы құрылған. Сол мәселені қарап жатыр», - деді Ажар Ғиният.

Министр сонымен қатар халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берілгенін айтады.

«Атырауда болған жағдайды көрдік. Сол емнің ешқандай балаға көмегі болмағанын, медицина қызметкерлерімен бірге елге белгілі ғалымдар да айтып жатыр. Бұл орталықтың көбі – жеке медицина орталықтары. Әрбіріне кіріп, тексере алмаймыз. Заң бойынша прокуратурамен бірігіп, заңбұзушылық болса немесе арыз түссе ғана тексере аламыз», - деп түйді сөзін Ажар Ғиният.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →