×

Қазақстанда көлікті техникалық тексерістен өткізу ережелері өзгерді

Өзгерістер 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап заңды күшіне енеді

Қазақстанда көлікті техникалық тексерістен өткізу ережелері өзгерді
Сурет: avtogermes.ru

Елімізде көлікті техникалық тексерістен өткізу ережелеріне өзгерістер енді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
 

“Бұдан былай техникалық тексеріс операторлары қызметін рұқсаттың екінші санатын алған күннен бастай алады. Бұған дейін бұл рұқсат туралы хабарлама берілген күннен бастап жүзеге асырылатын.Көліктердің техникалық тексеру мерзімі олардың санатына байланысты өзгерді”, – делінген хабарламада.

 Жеке мақсаттағы көліктер:

  • Шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асқан М1 санатындағы көліктер – жылына 1 рет.
  • 1 жылдан асқан N1-3, О1-4, L1-7 санатындағы көліктер – жылына 1 рет.

Кәсіпкерлік мақсатта қолданылатын көліктер:

  • М1 санатындағы, сондай-ақ жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған М2, М3, N санатындағы көліктер – 6 ай сайын.
  • Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған немесе арнайы жабдықталған көліктер – 6 ай сайын.

Бұл өзгерістер 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап заңды күшіне енеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады
02.09.2025ж. 08:22

Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады

Президенттің Қытайға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстанға тағы миллиардтаған инвестиция құйылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →