×

Ақтөбеде спорт мектебі директорлары заңсыз бәс тігіп, 12 млн теңге табыс тапқан

Олар футбол мен мұз айдыны алаңдарынжалға беруден түскен ақшаны жымқырып отырған

Ақтөбеде спорт мектебі директорлары заңсыз бәс тігіп, 12 млн теңге табыс тапқан
Сурет: lifehacker.ru

Ақтөбеде спорт мектебінің бұрынғы директорлары 12 миллионнан астам  қаржыны жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық Прокуратурасы мәлімдеді.

“Футболдан олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (ОДЮШОР) және №5 "Олимп" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (11 шағын аудандағы хоккей спорт мектебі) бұрынғы басшылары қаржы жымқырып, үстерінен екі қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушылар футбол мен мұз айдыны алаңдарын өңірдегі әуесқой командаларға жалға беруден түскен ақшаны жымқырып, спорт алаңдарын жалға алу үшін негізсіз ақша бөлгізген. Оларды өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсаған. Қылмыстық жолмен жымқырылған табыс 12 миллион теңгеден асып кеткен”, – делінген Прокуратура хабарламасында.

Ал спорт мектебінің бұрынғы директорлары  кінәларын мойындамай отыр. Сот процесі жалғасып жатыр.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматының Түрксіб ауданындағы жаңа бизнес бастамалар: 20 грант иегері кәсіп бастады
Бүгін, 16:50

Алматының Түрксіб ауданындағы жаңа бизнес бастамалар: 20 грант иегері кәсіп бастады

Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →