×

Астаналықтар автотұрақ ақысы мен төлеген айыппұлдарының ақшасын қайтарып ала алады

"Астана тұрақ кеңістігі" компаниясының  келісімі жарамсыз деп танылған

Астаналықтар автотұрақ ақысы мен төлеген айыппұлдарының ақшасын қайтарып ала алады
Сурет: "Астана тұрақ кеңістігі" компаниясы баспасөз қызметі

Астаналықтар ақылы автотұраққа кеткен ақшалары мен тұрақ үшін төлеген айыппұлдарын қайтарып ала алатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты елордадағы автотұрақ компаниясына қатысты шешім шығарған.

“Жоғарғы сот бас шаһардың көлік басқармасымен “Астана тұрақ кеңістігі” компаниясы арасындағы келісімді жарамсыз деп таныды”, - делінген Жоғарғы соттың баспасөз хабарламасында.

 Астана азаматтары енді ақылы автотұраққа кеткен ақшалары мен тұрақ үшін төлеген айыппұлдары мен заңсыз өндірілген қаражатын қайтарып алуға толықтай құқылы. Ол үшін ҚР Бас прокуратурасы сотқа шағым түсіріп істі қарауға құқылы. Бірақ, міндетті емес. Ал тұрғындар, прокуратура шағым түсірмеген жағдайда, өздері сотқа арыз жазып, кеткен қаражатын өндіріп ала алады.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Астана әкімдігі Әділбек Жақсыбековке қатысы бар ақылы тұрақ компаниясымен келісімді бұзғалы жатқаны туралы жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды
Бүгін, 09:51

18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды

Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.
Ол үшін  жарамдылық мерзімі аяқталғанына 10 күннен аспаса жеткілікті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →