×

"Сыйға тарту шарты": «Қазақмыс» балансындағы Кеңгір су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Кеңгір - Ұлытау облысындағы ең ірі су қойма. Объект 1952 жылы салынған

"Сыйға тарту шарты": «Қазақмыс» балансындағы Кеңгір су қоймасы мемлекетке қайтарылды
Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

«Қазақмыс» балансындағы Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы мәлімдеп отыр.

«Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, сондықтан мемлекет меншігінде болуы тиіс. Өз кезінде бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансына берілген. Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары министрінің атына ұсыну енгізді. Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды», - делінген ақпаратта.

Құқық қорғау органдары енді объектілерді жаңғырту жөнінде одан әрі шара қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көпфакторлы зерттеу жұмысын жүргізу қажет екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Кеңгір - Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы, сондай-ақ энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі. Объект 1952 жылы салынған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →