×

Павлодардағы алюминий зауытынан 30 млн теңгенің металы ұрланған

Олар ұрланған заттарды кәсіпорын аумағынан құжаттарды қолдан жасау арқылы шығарып отырған

Павлодардағы алюминий зауытынан 30 млн теңгенің металы ұрланған
Сурет: Polisia.kz

Павлодардағы алюминий зауытынан екі қылмыстық топ көп көлемде металды заңсыз шығарып, қаржы жымқырып отырған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Алюминий зауыты аумағынан металл ұрлау схемасын анықтады. Қылмыс жасады деген күдікке кәсіпорынның қызметкерлері ілінді. Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс» корпорациясының қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, көрсетілген кәсіпорынның жұмыскерлерінен тұратын екі топ ұстады. Олар тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын ұйымдастырған. Бірінші жағдайда топ мүшелерінің бірі учаске бастығы болып табылады. Олар 16 млн теңгеден астам сомаға кәсіпорын мүлкін ұрлаған. Екінші топта қылмыстарды жасауға корпорация басқармаларының бірінің басшысы қатысқан. Олар ұрланған заттарды кәсіпорын аумағынан құжаттарды қолдан жасау арқылы шығарып отырған. Аталған фактілер бойынша фигуранттардың құқыққа қарсы әрекеттері туралы дәлелдер жиналды. Барлық күдіктілер ұсталды”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Олардың заңсыз әрекеті жедел іс-шаралар нәтижесінде құжатталды. Фигуранттар металдың кезекті партиясын шығару кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Олардың іс-әрекеттерінен кәсіпорынға 30 млн теңге сомасында шығын келтірілді. Қылмыстық іс ұрлықтың бірнеше эпизодтары бойынша тергелуде.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жеңістің сексенінші көктемі жарқын да жаңа істермен есте қалды
Бүгін, 16:24

Жеңістің сексенінші көктемі жарқын да жаңа істермен есте қалды

Соғыс ардагерлеріне Қонаев қаласынан баспана кілті табыс етілді
Музейде Баукеңнің өмір жолына терең бойлауға барлық жағдай жасалған
Соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →