×

Қазақстандықтар енді төлқұжатын үйде отырып-ақ ала алатын болды

Жоба 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған

Қазақстандықтар енді төлқұжатын үйде отырып-ақ ала алатын болды
Сурет: bureau.kz

 

Қазақстандықтарға жеке төлқұжаттарын енді үйде отырып-ақ онлайн режимде алу қолжетімді болады,   деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойған.

"Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны онлайн форматта іске қосылсын. Осы қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортын, жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың ерекшелігіне қосымша онлайн форматта ІІМ жеке куәліктің қолданыс мерзімінің аяқталу себебі бойынша халықты құжаттандыру мобилді қосымшаларын электронды үкімет порталы нысанында бекітілсін. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді және 2026 жылғы 31 наурызына дейін қолданылады", –  делінген құжатта.

Қызметтер электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы ұсынылады. Жобаны жүзеге асыру қаржылық шығындарды қажет етпейтіні атап өтілді. Жоба 19 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады
Кеше, 11:57

Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт
Оның пәтерінен қояндармен бірге оның өлексесі де табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →