×

Ақтау әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 млрд теңге жұмсамақ

Бұл ақшаға әкімдік 192 контейнер сатып алмақ

Ақтау әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 млрд теңге жұмсамақ
Сурет: fbrk.kz

Ақтау қаласының әкімдігі қоқыс жәшіктерін сатып алу үшін 1 миллиард теңге шығын шығару көзделген,  деп хабарлайдыQaz365.kz

Осы ақшаға 192 контейнер сатып алу көзделген. Шенеуніктер теңіз жағасында үнемі жел соғатындықтан, уақтылы жиналмаған тұрмыстық қалдықтар қаланың сәнін бұзатынын айтты. Осы мәселені біржола шешу үшін жерасты контейнерлерін орнатпақ. Қала билігі былтыр осындай 10 қоқыс жәшігін қойып, тиімділігіне көз жеткізгенбіз дейді. Енді биыл әр данасы 4,6 миллион теңге тұратын 192 контейнер сатып алу үшін бюджеттен бір миллиард теңге бөлінеді.

«Биыл жерасты контейнерлерінің 192-ін сатып алу жоспарланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 192 дегеніміз контейнерлер 192 жерге орнатылады. Бұл жүйенің өзінде 3 контейнер бар, сонда барлығы бір кубтық 576 контейнер болады. Бұрынғы қаланың ішіндегі контейнерлер 1,75 куб болса, бұл контейнерлердің іші 1 де бір. Көлемі үлкендеу болады», - дейді Ақтау қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.

Желіде әкімдіктің шығыны қызу талқылануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →