×

Ақтөбеде маскүнем ана баласын аштан қатырған - видео

Ата-анасының оны жерлеуге де шамасы келмепті

Ақтөбеде маскүнем ана баласын аштан қатырған - видео
Ашық дереккөздерден

Ақтөбеде жауапсыз ата-ананың кесірінен бір жасар сәби өз үйінде көз жұмды. Төрт және бір жасар балаларды маскүнем анасы тамақ бермей аштан қатырған. Бұған дейін көршілері жауапты орындарға шағымданған. Алайда, нәтиже болмапты. Ақыры баланың бірі қайтыс болған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі astanatv-ға сілтеме жасап.

Бұл - Вованың тоғыз айлық кезі. Сәби еріктілер берген сүтті қос қолдап ұстап, құмарлана ішіп жатыр. Төрт жастағы ағасы Алексей екеуінің аштықтан жылайтын да әлі жоқ. Бірнеше күннен бері дұрыс тамақтанбаған, жөргегі ауыстырылмаған баламен анасының мүлдем шаруасы жоқ дейді еріктілер.

«Анасы балаларына мүлдем тамақ бермеген. Кішкентай сәбиге шекер қосылған су берген неше күн бойы. Аштықтан бала шырқырап жылап жатыр. Үлкен Леша тамақ іштің бе десек, жоқ дейді. Балалардың түрі аянышты. Өте арық,терісі үстіне жабысып, көздері үңірейіп кеткен. Біз барлық жауапты қызметті шақырттық», - деді «ДОБРО» еріктілер ұйымының басшысы Екатерина Голотина.

Еріктілер шу көтеріп, полиция, қамқоршылық қызметі мамандарын шақыртып, балаларды сәбилер үйіне орналастырған. Бірақ бір жетіден кейін олардың әкесі келіп, бүлдіршіндерді алып кетіпті. Ал көп ұзамай кішкентай Вованың пневмониядан қайтыс болғаны белгілі болды. Ішімдікке салынған ата-әже, ата-ананың табыттағы баланы үш күн бойы жерлеуге де шамасы келмеген.

«Ешкім де келген жоқ. Балалармен жауапты қызметтің тіпті ісі болмады. Олар бақылауға алса, бір жасар бала өлер ме еді. Ата-анасын көріп тұр қандай екенін, неге береді?! Құтылғанша асығады, оларға бәрібір», - дейді көршісі Анастасия Муромцева.

«Балалардың анасы - 34 жастағы әйелдің бес баласы болған. Үлкен екеуі қазір балалар үйінде. Тағы бір баласы бірнеше жыл бұрын бір айлық кезінде шетінеген. Әйелді бірнеше жыл бұрын ата-аналық құқынан айырған. Сондықтан балаларды әкесі алған. Ең бірінші әкесі келген кезде, бұл кісілерге құжат жинасын дедік. Ол кісілер барлық құжаттарын жинап толық тапсырды. Арыз ретінде тапсырды.Бұл істі Қорғаншылық кеңес шешімімен бұл кісілерге қайтарып бердік», - деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Мирас Тұрғанбаев.

Полицияның ақпаратынша, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оның қорытындысы бойынша, сәби жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Қазір оның ағасы, төрт жастағы Алексей балалар үйінде, алдағы тағдырын қорғаншылық кеңес шешеді.

Айта кетейік, Ақтөбеде өз отбасында балалардың қараусыз қалып, қаза тапқаны - бұл бірінші жағдай емес. Былтыр төрт жасар Даниил Ахунов та жауапсыз ата-ананың кесірінен көз жұмған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →