×

Пәтерін жалға берушілерге жаңа салық түрі міндеттелді

Жалға берушілер жыл сайын 15 қыркүйекке дейін мүлік пен табыс туралы декларация тапсыруы тиіс

Пәтерін жалға берушілерге жаңа салық түрі міндеттелді
Сурет: Halyq Uni

Елімізде пәтерін жалға беретін азаматтар жылдық табысының 10%-ын салық ретінде төлеуі міндеттелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Мысалы, пәтерін айына 300 000 теңгеге жалға беретін адам жылына 3 600 000 теңге табыс табады. Оның 10%-ы, яғни 360 000 теңге, салық ретінде төленеді.

“Пәтерді жалға беру кәсіпкерлік қызметке жатпайды, сондықтан жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Дегенмен, жалға берушілер жыл сайын 15 қыркүйекке дейін мүлік пен табыс туралы декларация тапсыруы тиіс” , – делінген МКК хабарламасында.

Бұл 10% салықтың құрамына зейнетақы жарналары, әлеуметтік төлемдер мен медициналық сақтандыру кірмейді. Бұл салық кірістілігін арттырғанымен, жалдамалы пәтерлердің бағасы көтеріліп кетуіне себеп болғалы отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады
Кеше, 11:57

Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт
Оның пәтерінен қояндармен бірге оның өлексесі де табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →