×

86 мыңнан астам салымшысы бар «Asar Baspana» қызметін тоқтатты

Барлық салымшыдан тек бір ғана адам баспаналы болған

86 мыңнан астам салымшысы бар «Asar Baspana» қызметін тоқтатты
Сурет: Бейнеден кадр

86 мыңнан астам салымшысы бар «Asar Baspana» қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен «Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқан. Ол тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеп келген.

“Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған пирамида ұйымдастырушылары, 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен. Шын мәнінде, нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған. Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген. Күдіктілер салымшыларды адастырып, Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген. Шындығында, өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып«Asar Baspana» логотипімен таңбаланған. 2024 жылы желтоқсан айынан бастап, пирамидаға деген сенім азая бастаған кезде, ұйымдастырушылар автосалон ашып, ресми дилерлермен әріптестік орнаттық деген жалған ақпарат таратқан. Шын мәнінде, автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып Туғанбаевтың туыстарына рәсімделген.Пирамиданы әшкере қылатын жағдайлар туындаған тұста, Туғанбаев Н.М. 8 ақпан күні «Asar Baspana» сайтын техникалық режимге ауыстырған. Бұл қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында жасалды. Алайда, тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. Сайт деректеріне сәйкес, «Gold» деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының тек біреуіне ғана пәтер берілген. «Platina» бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің арасынан тек бір салымшыға ғана көлік берілген”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 9 ақпанда 49 кеңседе және 81 күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Оның нәтижесінде 1,1 млрд теңге, Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 сияқты 10 премиум-класстағы автокөліктер тәркіленді, олар Туғанбаев пен оның жақындарына рәсімделген. Сонымен қатар, Ақтау қаласында Туғанбаев Н.М.-ның бауырының үйінен кооперативтің есепшоттарында болуы тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылған болатын. 

1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұғатталып, тыйым салынған. 2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев Н.М. мен Байтасов Н-ға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы ең ірі 10 салық төлеуші компанияның тізімі шықты
Бүгін, 12:54

Қазақстандағы ең ірі 10 салық төлеуші компанияның тізімі шықты

Өткен жылы бұл компаниялар ел қазынасына 5,9 трлн теңге аударған
Тасқын қаупі анықталса 2-3 тәулік бұрын ескертіледі
Ескерткіштің ашылу салтанаты 2026 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған
Қажет болған жағдайда жұмыс уақытын өзгерту енгізілуі мүмкін екендігі айтылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →