×

Бірыңғай уақыт белдеуі: Үкімет мониторинг нәтижелерін жариялады

Қажет болған жағдайда жұмыс уақытын өзгерту енгізілуі мүмкін екендігі айтылды

Бірыңғай уақыт белдеуі: Үкімет мониторинг нәтижелерін жариялады
Сурет: ortcom.kz

Үкімет Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы мониторинг нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Үкімет отырысында бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейінгі мониторинг нәтижелерін айтып берді.

Сарапшылар қауымдастығын тарта отырып біртұтас уақыт белдеуіне көшудің халықтың денсаулығына, энергия тұтынуына және еңбек өнімділігіне практикалық әсеріне мониторинг жүргізілген. Зерттеу әдістемесі уақыт белдеуін енгізудің әсерін бағалау үшін 40-тан астам көрсеткішті қамтыды. Еңбек қызметі орындалған жұмыс көлемін, кешігу және жұмысқа келмеуін, жарақаттар мен тәртіпті бұзу жағдайын қамтиды. Нәтижелер біртұтас уақыт белдеуіне көшудің халықтың өмірлік белсенділігінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті. Сонымен қатар, кейбір мәслихаттар жұмыс уақытын 08:00-17:00 аралығына ауыстыруды қолдады. Бұл шаралар жұмысты және жеке өмірді тиімді үйлестіруге бағытталған. Қажет болған жағдайда мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де енгізілуі мүмкін”, – деді министр.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшкен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →