×

Алматыда саясаткер Жириновскийдің ескерткіші ашылуы мүмкін

Ескерткіштің ашылу салтанаты 2026 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған

Алматыда саясаткер Жириновскийдің ескерткіші ашылуы мүмкін
Сурет: РИА Новости/ Максим Блинов

2026 жылы сәуір-мамыр айларында Алматыда ЛДПР негізін қалаушы Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылатыны жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі мәлімдеді.

“Баспада бар құжатқа сәйкес Саранск және Алматы қалаларында саяси қайраткер Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылуы мүмкін. Онда саясаткердің туғанына 80 жыл толуына орай іс-шаралар ұйымдастырылып, сәуір-мамыр айларында ескерткіштердің салтанатты ашылуы өтеді”, – делінген ТАСС ақпараттық агенттігінде жарияланған мақалада.

Ол 2022 жылы 75 жасында қайтыс болды. Ресейде салтанатты рәсімдерден басқа Жириновскиймен байланысты саясат туралы кинофильмдер көрсетілді.

Еске сала кетейік, Владимир Жириновский 2022 жылы 6 сәуірде 75 жасында қайтыс болған болатын. Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылдың 6 қарашасында 2026 жылы Жириновскийдің 80 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →