×

"8 аймақ бар": Елімізде су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

Тасқын қаупі анықталса 2-3 тәулік бұрын ескертіледі

"8 аймақ бар": Елімізде су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды
Сурет: ҚР ТЖМ

Елімізде көктемгі су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі кезеңге арналған ауа райы болжамының жаңартылған деректерін айтып жеткізді.

“Наурыз, сәуір айлары әдеттегіден жылы болатынын әрі еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп түсетінін атап өтті. Бұл көктемнің тез келуіне және су тасқыны қаупінің артуына ықпал етеді«Биыл «Қазгидромет» алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағысының ең жоғары мәндері, қауіп аймағында орналасқан елдімекендерді көрсете отырып болжамды басталу күндері көрсетіледі. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгеретін болса «Қазгидромет» 2-3 тәулік бұрын ескертеді», –  деді Ерлан Нысанбаев..

⏺Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында:

  • Ақтөбе,
  • Қостанай,
  • Қарағанды,
  • Ақмола,
  • Солтүстік Қазақстан,
  • Шығыс Қазақстан облысы,
  • Ұлытау және Абай облыстары бар.

⏺Қауіптілігі орташа өңірлер:

  • Алматы,
  • Жетісу,
  • Жамбыл,
  • Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.

⏺Тасқын қаупі төмен өңірлер:

  • Павлодар,
  • Маңғыстау,
  • Түркістан және Қызылорда облыстары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →