×

Таразда түрмеден өрт шығып, қала тұрғындары тұтқындардың қашып шығуынан қорыққан

Колония өкілдері өрт кезінде цехта ешкім болмады деп сендірді

Таразда түрмеден өрт шығып, қала тұрғындары тұтқындардың қашып шығуынан қорыққан
almaty.tv

Таразда ерекше режимдегі түрмеде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты қала тұрғындары тұтқындардың жаппай қашуынан қорықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт өндірістік цехтардың бірінде болғаны белгілі болды. Онда 14 шаршы метр жерде ағаш өңделіп, дайын өнім сақталады екен. Өрт тез арада шатырға тараған, бірақ қызметкерлер, кейін өртсөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтады.

Колония өкілдері өрт кезінде цехта ешкім болмады деп сендірді. Бәрі басқа ғимаратта орналасқан камераларында болған.

"Өрт кезінде сотталғандардың қашып құтылу әрекеті болған жоқ, өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлердің бәрі аман-сау, қызметкерлер мен арнайы контингент арасында зардап шеккендер жоқ. Мүмкін, бұл - жеке кәсіпкер, өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін олармен келісімшарт бұзылады. Бірақ қазіргі уақытта, басты себеп – қысқа тұйықталу", - дейді Тараз қаласының № 59 төтенше қауіпсіздік мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ербол Нұржанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр
Бүгін, 07:16

Алматы облысында тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Мерекелік шарада аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →