×

Атырауда 16 жасар бала жоғары қабаттан құлап, көз жұмды

Оқиға 2 наурызда болған

Атырауда 16 жасар бала жоғары қабаттан құлап, көз жұмды
vesma.today

Атырауда жоғарғы қабаттан құлаған 16 жасар жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 2 наурызда болған.

«Департаменттің кезекші бөліміне кеше жергілікті уақытпен сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірімнің жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабар түсті. Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері оқыс оқиғаның Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында болғанын анықтады. Жасөспірім осындағы көпқабатты үйлердің бірінде жоғарғы қабаттан құлаған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →