×

“Қазақмыстағы” қылмыс: қызметкерді соққыға жыққан күдіктілер ұсталды – видео

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

“Қазақмыстағы” қылмыс: қызметкерді соққыға жыққан күдіктілер ұсталды – видео
Видеодан кадр

 

 Әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің  «Қазақмыс» компаниясының қызметкерін ұрып-соққан видеосы пайда болды. Полицейлер болған оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлады qaz365.kz тілшісі kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында екі ер адамның бір кісіні соққыға жыққан бейнежазбасы тарады. Аталған жанжал Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты “Жомарт” кенішінің аумағында орын алғаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы "бұзақылық" бойынша тіркелді», - деп хабарлады полиция.

 Ұлытау облысының ПД қызметкерлері екі күдіктіні ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →