×

Қарағандыда ер адам тұрғын үйді жарып жібермек болды

Ол үйінің есігін тас қып жауып, газ құбырын жұлып алған 

Қарағандыда ер адам тұрғын үйді жарып жібермек болды
Сурет: Бейнеден кадр

Қарағандыда «үйді жарып жіберем» деп қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қарағанды қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

 “Оқиға 17 наурыз түстен кейін Гапеева 29 мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үйде орын алды. 38 жастағы ер адам мас күйінде үйінде газ құбырын жұлып алып оны терезеден сыртқа лақтырып жіберген. Одан кейін ол пәтерінің есігін іштен жауып алып, жеңіл киімшең күйде тұрғын-үй терезесінен сыртқа айқайлап, үйді жарып жіберетінін айтқан.Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі барды. Құтқарушылар газды өшіріп, ғимараттан 38 адамды эвакуациялады”, – делінген полиция хабарламасында.

Оқиға кезінде жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер және "Алемгаз" жұмысшылары барлық қызметтер жедел жұмыс атқара білген.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады
25.10.2025ж. 21:40

Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады

Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды
Мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді
Әртүрлі салада адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі жоғары бағаланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →