×

«Сортөбе» шекара бөлімшесінде халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды

«Сортөбе» шекара бөлімшесінде халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
facebook.com/knbgovkz

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстан шекарасында ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 28 ақпанда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің «Сортөбе» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен Мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған халықаралық іздеудегі ҚР азаматын ұстады.

Шекара қызметінің басшылығы заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен өжеттілігі мен шеберлігі үшін ерекшеленген шекарашыларды марапаттау мәселесін қарастыруда.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 наурызда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері «Айша бибі» өткізу бекетінде де Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін іздеудегі ҚР азаматын ұстады.

Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр
Бүгін, 07:16

Алматы облысында тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Мерекелік шарада аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →