×

Жұмыссыз жастарға SMS-хабарламалар жіберіліп жатыр

Отбасының цифрлық картасы аясында

Жұмыссыз жастарға SMS-хабарламалар жіберіліп жатыр
Ашық дереккөздерден

Әлеуметтік кодекс жобасы аясында Қазақстанда пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасы іске қосылып отыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі zhaikpress.kz-ке сілтеме жасап.

Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

Отбасының цифрлық картасының жұмыс істеу алгоритмі мынадай түрде іске асырылады: үміткер жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасу, кәсіптік оқыту, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Үміткерге SMS-хабарламада толығырақ мәлімет алу үшін enbek.kz порталы және 1414 байланыс орталығына хабарласуға болатындығы көрсетіледі. SMS хабарлама жіберілген соң 5 күннен кейін жұмыспен қамту орталықтарының мамандары азаматтарға хабарласып, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары және жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік қызметтер туралы әр түрлі кеңестер береді және бос жұмыс орындары бойынша жұмыстар ұсынады.

“Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан, ақпараттық жүйе арқылы, отбасының цифрлық картасы шеңберінде БҚО бойынша 387 жұмыссыз жастарға SMS хабарламалар жолданды. Бүгінгі таңда Орал қаласы мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары жұмыссыз жастарға хабарласып, оларды жұмысқа орналастыру шараларын қарастыруда”, - деп мәлімдеді БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →