×

Алматыда жасөспірімдер футбол турнирінде төбелес шығарды

Төбелеске қатысушылар полиция басқармасына жеткізілді

Алматыда жасөспірімдер футбол турнирінде төбелес шығарды
zakon.kz

Алматыда футбол турнирі кезінде жасөспірімдер арасында төбелес шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде бір-бірімен төбелесіп жүрген жасөспірімдердің видеосы шықты. Видео астындағы жазбада жанжал "Орбита" шағынауданында болғаны туралы жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінде аталған оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Оқиғаның мән-жайын білу үшін төбелеске қатысушылар полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, істің мән-жайын анықтау үшін мектеп оқушылары арасындағы футбол турнирінің ұйымдастырушылары полицияға шақырылды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Кеше, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →